Жаңалықтар

“Жұлдыз” мектепалды тобында «Аналар – асыл жандар» атты ерекше ертеңгілік өтті.

Мерекелік шара батл форматында ұйымдастырылып, бұл жолы тек балалар ғана емес, аналар мен әкелер де белсенді қатысты. Қатысушылар би билеп, түрлі қызықты ойындар ойнап, өзара жарысып, мерекенің көңілді әрі әсерлі өтуіне үлес қосты.

Ертеңгіліктің ең әсерлі сәттерінің бірі – әкелердің тосын сыйы болды. Залдағы барлық әйелдер қауымына қызыл раушан гүл шоқтары табысталды. Ал сол сәтте «Жұлдыз» мектепалды тобының тәрбиеленушісі Айзеренең әкесі «Ана» әнін орындап, мерекелік кешке ерекше жылулық пен әсер сыйлады.

Тақырыбы: №69 «Еркем-ай» балабақшасында «Жұлдызды жол» жарқырады!

20.02.2026 жылы балабақшамызда ерекше күн! Мектепалды тобының бүлдіршіндері арасында «Жұлдызды жол» атты интеллектуалдық ойын өтті. Бұл сайыс — балалардың жыл бойы жинаған білімін саралап, олардың зеректігі мен тапқырлығын көрсететін нағыз «жұлдызды» сәт болды.

Ойын барысында кішкентай білгірлеріміз 5 негізгі сала бойынша сынға түсті:

Коммуникация: Сурет бойынша сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасады.

Таным: Сандардың құрамын тауып, логикалық есептерді шешті.

Астана қаласында “Астана дарыны” және “Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы” РҚБ бірлесе отырып ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған “Мангала” халықаралық зияткерлік ойыны жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қарапайым ережелер арқылы есеп амалдарын меңгерту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зейінін арттыру және тапқырлыққа баулу. Зияткерлік ойын барысында қатысушылар өз білімдерін шыңдап, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.

Аталған байқауда №69 “Еркем-ай” балабақшасының мектепалды тобының тәрбиеленушісі Азаматқызы Айасыл ерекше белсенділік танытып, бас жүлдені иеленді. Бұл – жас дарынның талпынысы мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының сапалы жұмысының нәтижесі.

“Қарақат” ортаңғы тобының бүлдіршіндері ұйымдастырған “Жақсылық жасап жарысайық” акциясына белсене қатысты.

Жақсылық – жүректен шығатын ең асыл қасиет. Бүгінгі шарамыздың басты мақсаты – балалардың бойына мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру. Кішкентай жүректер үлкен жақсылыққа бастайды.

“Құлыншақ” ортаңғы тобы

Мақсаты: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, бір-біріне рақмет айтуға үйрету, достық пен бірлікті нығайту.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41