Жаңалықтар

Кітапқа құштарлық – баланың рухани дамуы мен ұлттық тәрбиесінің бастауы!

Астана қаласындағы №69 «Еркем-ай» балабақшасында тәрбиеленушілердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазақ тілі мамандарының ұйымдастыруымен өткен «Кітап оқитын ұрпақ» танымдық іс-шарасы бүлдіршіндердің көркем әдебиетке қызығушылығын оятып, сөздік қорын байытуға, тілдік дағдыларын дамытуға және ұлттық дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.

Тәртіпті болу — үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық таныту, достарыңды тыңдау және өз ісіңе жауапкершілікпен қарау.

Бүгін бүлдіршіндеріміз әдептілік пен адалдық туралы ой бөлісіп, күнделікті өмірдегі жақсы әдеттерді бірге үйренді. Әрбір жылы сөз бен ізгі іс — жақсы азамат болуға жасалған кішкентай қадам! 

Балабақшамызда «Спорт – сенің серігің» атты көңілді эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа бүлдіршіндер белсене қатысып, түрлі қызықты ойындар мен спорттық тапсырмаларды орындады. Балалар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және ұйымшылдығын көрсетті. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балаларға қуаныш сыйлады. Спорт – денсаулық кепілі! 

№69 «Еркем-ай» балабақшасында педагогтерге арналған «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптары мен кәсіби міндеттерін түсіндіру, еңбек қызметі барысында заңнамалық нормаларды сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері, бала құқықтарын қорғау, педагогикалық әдеп нормалары және білім беру ұйымындағы заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41