Жаңалықтар

Мақсаты: Балаларды қабырғада бейнеленген ұлттық құндылықтармен (киім, ою-өрнек, үй жануарлары, тұрмыстық заттар т.б.) таныстыру, халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Ұлттық құндылықтардың атауын, мағынасын түсіндіру

- Танымдық сөз қорын молайту

- Қазақ халқының салт-дәстүрін сүюге баулу

- Эстетикалық талғамын және көріп-түйсіну қабілетін дамыту

Тәрбиеші: Белекова Г.М.

Мақсаты: Балаларды кітапхана ұғымымен таныстыру, кітапқа қызығушылығын арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға, ұжыммен мәдени түрде қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Міндеттер:

- Кітапханадағы ережелерді түсіндіру

- Кітаптың құрылымын (мұқаба, автор, сурет) таныту

- Әдеби шығармалар арқылы баланың тіл байлығын дамыту

- Кітапқа ұқыптылықпен қарауға үйрету

Тәрбиеші: Белекова.Г.М.

Мақсаты: Балалардың кеңістікте ойлау қабілетін, қиялы мен шығармашылық икемін дамыту; құрылыс элементтері арқылы логикалық байланыс құра білуге үйрету.

«Сәулетші» ойынында балалар түрлі пішіндер мен құрылыс бөлшектерін пайдаланып, үй, көпір, мұнара сияқты қарапайым құрылымдарды салады. Бұл ойын баланың көзбен көру, қолмен жұмыс жасау, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, бірлесе жұмыс істеуге, шешім қабылдауға және сабырлы болуға баулиды.

Мақсат: Балалардың дәрігер мамандығы туралы түсінігін кеңейту, дәрігердің еңбегін құрметтеуге, денсаулықты күтуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

Дәрігердің негізгі жұмысы, құралдары және маңызы туралы мағлұмат беру.

Балалардың сөздік қорын «дәрігер», «емдеу», «аурухана» сияқты жаңа сөздермен толықтыру.

Денсаулықты сақтау, тазалықты ұстану туралы қарапайым дағдыларды қалыптастыру.

Дәрігер мамандығына қызығушылық танытып, еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

AI Қыран тобы Интеллектумның “Сәулетші” ойынында ерекше белсенділік танытып, нұсқаулыққа сүйене отырып күрделі модельді бірлесіп құрастырды. Әр кезеңде олар тапсырманы талқылап, нақты жоспар жасап, әр бөлшектің орналасуын мұқият пысықтап отырды.

Бұл ойынның негізгі пайдасы – балалардың кеңістіктік ойлауын, логикалық байланыс құру қабілетін және жоспарлау дағдыларын терең дамытуында. Сонымен қатар, команда болып жұмыс істеу, бір-бірін тыңдау, ортақ шешім қабылдау сияқты маңызды әлеуметтік дағдылар да нығаяды.

“Сәулетші” ойыны арқылы балалар инженерлік ойлау элементтерімен танысып, өз идеяларын нақты модельге айналдыру тәжірибесін алады. AI Қыран тобы бұл мүмкіндікті жоғары деңгейде пайдаланып, тапсырманы шығармашылықпен және жауапкершілікпен орындады.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41