Тақырыбы: №69 «Еркем-ай» балабақшасында «Жұлдызды жол» жарқырады!
20.02.2026 жылы балабақшамызда ерекше күн! Мектепалды тобының бүлдіршіндері арасында «Жұлдызды жол» атты интеллектуалдық ойын өтті. Бұл сайыс — балалардың жыл бойы жинаған білімін саралап, олардың зеректігі мен тапқырлығын көрсететін нағыз «жұлдызды» сәт болды.
Ойын барысында кішкентай білгірлеріміз 5 негізгі сала бойынша сынға түсті:
Коммуникация: Сурет бойынша сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасады.
Таным: Сандардың құрамын тауып, логикалық есептерді шешті.
Физикалық даму: Пайдалы тағамдарды ажыратып, салмақ өлшемдерін меңгергендерін көрсетті.
Шығармашылық: Пішіндерден тұтас бейне құрастырып, қиялдарына қанат бітірді.
Әлеуметтік-эмоционалдық: Сезім мүшелері мен қоршаған орта туралы білімдерін ортаға салды.
Сайыс соңында әрбір қатысушы өзінің нағыз білім жұлдызы екенін дәлелдеп, ерекше марапаттарға ие болды!
Мекен-жайымыз: №69 «Еркем-ай» балабақшасы.

