Жаңалықтар

Бұл — жай ғана дүкен емес…

Бұл — баланың жүрегіне адалдықты сіңіретін орта.

Дүкенші жоқ.

Бақылау камерасы жоқ.

Ал бірақ, сенім бар.

Балалар өз таңдауы үшін өзі жауап береді.

Әрбір адал әрекет — ертеңгі саналы азаматтың алғашқы қадамы.

Адалдықты бала кезден үйренген ұрпақ — елдің ең үлкен байлығы 

Жұлдыз тобы — адалдықты өмір салтына айналдырады.

Бүгін №69 «Еркем-ай» балабақшасында «Жұлдыз», «Балбұлақ», «Айгөлек», «Бәйтерек» мектепалды топтарының балалары мен ата-аналарының қатысуымен «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты отбасылық сайыс өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты – ұлттық тәрбие арқылы бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-аналардың бала тәрбиесіне белсенді қатысуын арттыру.

Сайысқа мектепалды топтарының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары (әке, ана) қатысып, әр отбасы бір команда болып өнер көрсетті.

“Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Шексіз әлем” мультистудия жобасы аясында “Сурет сиқыры” атты сурет салу бағытында “Балбұлақ” тобының тәрбиеленушісі Қали Айлин жүлделі І орын иеленді. Жетекшісі: Джазбаева Альмира Бакитбековна.

“Шебер қолдар” атты қолөнер бағытында “Бөбек” тобының тәрбиеленушісі Мұқаш Айару жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Киекбаева Альмира Мухаметкаримовна.

«Ұлттық ойындар – халық қазынасы» тақырыбында қазақ тілі педагогтері С. И. Досекеева мен Ш. Қ. Абдразахова ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Іс-шара барысында ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні ашылып, олардың жас ұрпақтың рухани дамуына, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға тигізетін ықпалы нақтылап көрсетілді. Балалардың белсенді қатысуымен өткен іс-әрекет ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және сақтауға бағытталды.

“Заң және тәртіп” тақырыбында танымдық әңгімелер аясында балабақша педагог-психологы Мауленова А.С. “Буллингтің алдын-алу және оны тоқтатудағы педагогтың рөлі” тақырыбында педагогтерге арналған тренинг өткізді.

Тренинг мақсаты: Тәрбиеленушілер арасында агрессияны азайту және алдын алу; Қауіпсіз қолайлы және құрметке негізделген орта құру;

Психологиялық денсаулықты сақтау және нығайту; қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамыту.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41