Қаңтардың 19-20 күндері Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V мәрте өтіп отырған Ұлттық Құрылтайда елдің даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойын ортаға салды. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың ел дамуы үшін маңызды алаң екенін атап өтіп, келелі мәселелер төңірегінде сөз қозғады.
• Қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық берілді.
• Заңнамалық реформаларды жалғастыру қажеттігі айтылды.
• Ұлттық құндылықтар мен бірлікті нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
• Аймақтардың дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері көтерілді.


2026 жылғы 15 қаңтар күні №69 «Еркем-ай» балабақшасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-мен бірлесе отырып «Балабақшадағы инклюзивті білім беру: заманауи тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
2025 жылғы 15 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес № 69 «Еркем-ай» балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Балабақшадағы инклюзивті білім беру: заманауи тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында семинар-практикум өтті.
“Ақжол” ересек тобы
“Жұлдыз” мектепалды тобында ерекше көңілді Жаңа жылдық ертеңгілік өтті!