Жаңалықтар

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің бойында адалдық, әділдік және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» идеологиясын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру және азаматтық жауапкершілікке баулу.

Міндеттері:

• Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес адал және адал емес әрекеттерді ажырата білуіне жағдай жасау;

• Қойылымдар арқылы өмірлік жағдаяттарды сахналап, дұрыс шешім қабылдауға үйрету;

• Балалардың сөйлеу мәдениетін, ойлау және өзін еркін жеткізе алу қабілеттерін дамыту;

• Қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға қызығушылықтарын арттыру;

“Ботақан” ортаңғы топ

Мақсаты: «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында тәрбиеленушілердің бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, балаларды шынайылыққа, дұрыс әрекет жасауға баулу және қоғамдық тәртіпке құрмет сезімін дамыту.

Міндеттері:

• Балалардың жас ерекшеліктеріне сай адалдық, шыншылдық ұғымдарын түсіндіру;

• Қойылымдар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін, сахналық мәдениетін дамыту;

• Топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу;

• «Адалдық дүкені» акциясы арқылы күнделікті өмірде дұрыс таңдау жасай білу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиеші: Ахмадиева А.Б. 

«Заң мен тәртіп» идеология аясында «Адалдық дүкені» акциясы №69 «Еркем-ай» балабақшасында 3, 4, 5 жас аралығы бойынша ортаңғы, ересек, мектепалды топтар арасында 11 топ қатысты. Ережеге сай акцияға қатысқан топтардың қойылымын комиссия мүшелері қарады.

Комиссия мүшесінің шешімі бойынша ортаңғы топ арасынан «Ботақан», ересек тобы арасынан «Ақжол», мектепалды тобы арасынан «Жұлдыз» тобы алға шығып, қалалық байқауға жолдама алды.

Nº69 «Еркем-ай» балабақшасында «Менің әкем-полиция қызметкері» тақырыбында балалардың сурет көрмесі өтті.

Бүлдіршіндердің жүрегінен шыкқан әр сурет - әкеге деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктің белгісі.

Осы іс-шарага белсене қатысып, балаларын қолдап, әрдайым жанынан табылатын құрметті ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Сіздердің қолдауларыңызбен бала жүрегіне патриоттық тәрбие мен отбасылық құндылықтар дарып келеді.

Ел тыныштығын күзеткен әкелерімізге алғысымыз шексіз!

Болашақ ұрпақ, осындай үлгімен өсіп келеді.

Бүгін балабақшамызда сатушысыз дүкен ұйымдастырылды.

Балалар дүкенге өздері кіріп, қалаған затын таңдап, ақшасын арнайы жәшікке салып сауда жасады.

Міндеттері:

– балалардың адалдық, жауапкершілік, сенім қасиеттерін қалыптастыру;

– өз бетімен шешім қабылдауға

-ережелермен келісімдерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Балалар өздерін өте жауапты ұстап, барлығы адал сауда жасады.

Бұл – болашақ саналы ұрпақ тәрбиелеудегі маңызды қадам.

Адалдық – адамдықтың айнасы!

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41