Жаңалықтар

«Ерке» ересек тобы

«Бәйтерек» даярлық тобында

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесінің қуанышты көңіл-күйін сыйлау, мерекелік іс-шара арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, әртістік өнерге, ұйымшылдыққа, достыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Балалардың ән айту, би билеу, тақпақ айту дағдыларын жетілдіру

- Шығармашылық белсенділігін арттыру

- Мерекелік ортада өзін-өзі еркін ұстауға үйрету

"Құлыншақ” ортаңғы тобы

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сиқырлы кейіпкерлермен таныстыра отырып, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Тәрбиешілер: Ермуханова А.Д., Жусупова Д.Б.

“Ботақан” ортаңғы тобы

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесінің қуанышты екенін сезіндіру, көңілді орта қалыптастыру. Сиқырлы цирк кейіпкерлері арқылы балалардың сөйлеу, қимылдау, ән айту және билеу дағдыларын дамыту. Мерекені бірге қызықты өткізіп, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

«Қарлығаш» ересек тобы

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігінің мақсаты:

Балаларға Жаңа жыл мерекелік көңіл-күй сыйлау; шығармашылық қабілеттерін, музыкалық және көркемдік дағдыларын дамыту; балалардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін, достық қарым-қатынасын нығайту; сахнада өзін сенімді ұстауға үйрету.

«Қарақат» ортаңғы тобының «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігінің мақсаты:

Балалардың Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту, қыс мезгілі мен Жаңа жыл кейіпкерлері жөнінде түсінік қалыптастыру. Ән айту, би билеу, тақпақ айту және ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын, есте сақтауын дамыту.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41