Жаңалықтар

«Ботақан» ортаңғы тобы

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі туралы қарапайым түсінік беру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Міндеттері:

– Қазақстан – біздің Отанымыз екенін түсіндіру;

– Тәуелсіздік мерекесінің маңызын балаларға жас ерекшелігіне сай жеткізу;

– Елге, жерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу;

– Қимылды ойындар, ән айту арқылы балалардың белсенділігін арттыру.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Балбұлақ» мектепалды тобы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрына барып, «Құм қала» қойылымын тамашалады.

Балалар үшін бұл күн ерекше әсерге, рухани тәрбиеге толы болды.

Тәуелсіз елдің болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақ!

Бас жүлде: Актореқызы Азалия “Айгөлек” мектепалды тобының тәрбиеленушісі

1 орын: Аңсары Инабат “Балбұлақ” мектепалды тобының тәрбиеленушісі

2 орын: Ыбырай Көркем “Жұлдыз” мектепалды тобының тәрбиеленушісі

2 орын: Бердіқан Рамина “Бәйтерек” мектепалды тобының тәрбиеленушісі

3 орын: Ержанова Мунира “Жұлдыз” мектепалды тобының тәрбиеленушісі

3 орын: Қасымов Айсұлтан “Айгөлек” мектепалды тобының тәрбиеленушісі

3 орын: Валиханов Рамазан “Айгөлек” мектепалды тобының тәрбиеленушісі

Және де қатысушыларымыз бірнеше номинациялар бойынша марапатталды:

Бүгін «Еркем-ай» балабақшасының мектепалды топтары арасында өткен *«Абай оқулары»* атты мәнерлеп оқу байқауы – соның дәлелі.

Балдырғандарымыз хәкім Абайдың даналыққа толы өлеңдерін тебірене оқып, сөз құдіретін жүректерімен сезініп, көркем сөз әлеміне саяхат жасады.

Бұл шара – баланың тіл байлығын, ой-өрісін, сөз саптауын жетілдірумен қатар, ұлттың рухани құндылығын бойына сіңіру жолындағы тағылымды қадам.

“Ботақан” ортаңғы тобы

Мақсаты: Балаларға ұлттық құндылықтарды таныстыру арқылы әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық бизиборд арқылы қол моторикасын, ойлау қабілетін дамыту.

Міндеттері:

1. Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары мен ұлттық заттарымен таныстыру (тұмарша, тұскиіз, домбыра, ою-өрнек, қамшы т.б.).

2. Бизиборд элементтері арқылы ұсақ моторика, назар, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға, дәстүрді бағалауға тәрбиелеу.

4. Балалардың сөздік қорын молайтып, еркін сөйлеуіне, өз ойын жеткізе білуіне ықпал ету.

5. Бір-біріне көмектесіп, бірлесіп жұмыс жасауға баулу.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41