Астана қаласында “Астана дарыны” және “Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы” РҚБ бірлесе отырып ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған “Мангала” халықаралық зияткерлік ойыны жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қарапайым ережелер арқылы есеп амалдарын меңгерту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зейінін арттыру және тапқырлыққа баулу. Зияткерлік ойын барысында қатысушылар өз білімдерін шыңдап, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
Аталған байқауда №69 “Еркем-ай” балабақшасының мектепалды тобының тәрбиеленушісі Азаматқызы Айасыл ерекше белсенділік танытып, бас жүлдені иеленді. Бұл – жас дарынның талпынысы мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының сапалы жұмысының нәтижесі.

