Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні!

“Жұлдыз” мектепалды тобында «Аналар – асыл жандар» атты ерекше ертеңгілік өтті.

Мерекелік шара батл форматында ұйымдастырылып, бұл жолы тек балалар ғана емес, аналар мен әкелер де белсенді қатысты. Қатысушылар би билеп, түрлі қызықты ойындар ойнап, өзара жарысып, мерекенің көңілді әрі әсерлі өтуіне үлес қосты.

Ертеңгіліктің ең әсерлі сәттерінің бірі – әкелердің тосын сыйы болды. Залдағы барлық әйелдер қауымына қызыл раушан гүл шоқтары табысталды. Ал сол сәтте «Жұлдыз» мектепалды тобының тәрбиеленушісі Айзеренең әкесі «Ана» әнін орындап, мерекелік кешке ерекше жылулық пен әсер сыйлады.

Бұл күн аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы ұмытылмас сәттерге айналды.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41