КІТАП СЫЙЛА, ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА
- Қаралды: 48
№69 «Еркем-ай» балабақшасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының 180 жыл мерейтойы қарсаңында «КІТАП СЫЙЛА, ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шараның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ мейірімділік пен ізгілік сынды құндылықтарды бүлдіршіндер бойына дарыту.
Мерекелік басқосу кішкентай бүлдіршіндеріміздің ата-аналарға арнап дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Балалар әсем ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ата-аналар да белсенділік танытып, мерекелік концерт соңында балаларға түрлі қызықты әрі пайдалы кітаптар сыйға тартты. Бұл – бүлдіршіндерге үлкен қуаныш, ал болашаққа жасалған маңызды қадам болды.
Барлық ата-аналарға қолдауы мен белсенді қатысқандары үшін үлкен алғыс айтамыз!
Кішкентай жүректердің күлкісі мен қуанышы әрдайым жарқырай берсін!


Мақсаты: Балалардың құрылыс бөлшектерін құрастыра отырып, ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мақсаты: Балалардың өсіп-дамуына, білім алуына және ойнауына қолайлы, қауіпсіз, әдемі және жайлы ғимарат салу.
Мақсаты: Балалардың кеңістікте ойлау қабілетін, қиялы мен шығармашылық икемін дамыту; құрылыс элементтері арқылы логикалық байланыс құра білуге үйрету.