Консультативтік пункт

Консультативтік пункт

Мектепке дейінгі ұйымдарда консультативтік пункт ашу туралы бұйрық

Консультативтік пункт ашу туралы бұйрық

Консультативтік пунктің жұмыс кестесі

Ата-аналарға арналаған кеңес беру пунктін құру жөніндегі нұсқаулық

Мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған ерте жастаға балалардың ата-аналарына арналған кеңес беру пункттің жұмыс жоспары

Мектепке дейінгі ұймдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған Консультациялық пункт жұмыс жоспары

Оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі

Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы


Ата-аналарға кеңес

Баланың мектептегі оқуға талаптары ата-аналарға кеңес

Гипербелсенді баламен жұмыс жүргізу

Қызылшадан сақтану

Отбасында ұтымды тамақтану

Үй жағдайында майтабандылықтың алдын-алу бойынша кеңес

«Балалардың жеке бас гигиенасы»

Балаларды күннің ыстығынан қорғау жолдары


Баланың балабақшаға бейімделуі

Бейімделу дегеніміз не?

Бейімделу – бұл баланың жаңа жағдайларға: күн тәртібіне, тәрбиешілерге, балаларға және ортаға үйрену процесі. Әдетте ол 2 аптадан бірнеше айға дейін созылады.

Бейімделудің негізгі кезеңдері:
1. Алғашқы үйреніс (жылау, қарсылық, күйзеліс).
2. Ережелерді біртіндеп қабылдау, мазасыздықтың азаюы.
3. Тәрбиешімен, балалармен байланыс орнату.
4. Толық бейімделу және жайлылық сезімі.

Ата-аналарға кеңес:

  • Балабақшада өткізетін уақытты біртіндеп ұзартыңыз.
  • Балаға міндетті түрде қайта келетіндігіңізді айтыңыз.
  • Үйде балабақшаға ұқсас күн тәртібін қалыптастырыңыз.
  • Балабақшаны қорқыныш ретінде емес, жақсы жағынан айтып жүріңіз.
  • Баланы эмоциялық тұрғыда қолдаңыз: құшақтап, тыңдап, мақтап жүріңіз.
  • Күннің қалай өткенін сұрап, баланың сезімдеріне құлақ асыңыз.
  • Балаға кішкентай «тұмар» беріңіз (ойыншық не ата-анасынан қалған сүйікті зат), ол өзін сенімді сезінеді.

Мүмкін болатын қиындықтар:

  • Жылау, қарсылық.
  • Тамақтан бас тарту.
  • Ұйқының бұзылуы.
  • Тұйықталу немесе агрессия.

Бұл – қалыпты құбылыстар! Ең бастысы – сабыр мен қолдау.

Баланың тезірек үйренуіне қалай көмектесуге болады

Таңертең сабырлы болыңыз – асықтырмаңыз және ұрыспаңыз.
Үйде тыныш әуен немесе балабақшадағы әндерді қосыңыз, таныс орта қалыптастыру үшін.
Қоштасудың шағын «ритуалын» жасаңыз (құшақтау, сүйісу, «Мен сені күтемін» деген сөз).
Үйде тұрақты ұйқы және тамақтану тәртібін сақтаңыз.

Есте сақтаңыз:

Әр бала ерекше! Біреуінің бейімделуі бір аптада өтсе, енді біреуі бірнеше айға созылуы мүмкін. Ата-ананың сүйіспеншілігі мен сенімі – бұл үдерістегі ең үлкен көмек

  • 01

№69 «Еркем-ай» балабақшасының дефектолог мамандары ата-аналарға арналған пайдалы кеңестермен бөлісті.

Тақырып: «Үй жағдайында баланың танымдық процестерін дамыту жолдары».

Мамандар ата-аналарға баланың ойлау, есте сақтау, зейін және сөйлеу қабілеттерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығуларды көрсетті.

Мұндай кеңестердің пайдасы зор. Үйде жүйелі жұмыс жасау баланың оқуына, сөйлеуіне және қоршаған ортаға бейімделуіне оң әсер етеді.

Қорыта келгенде, ата-ана мен маманның тығыз байланысы – баланың жан-жақты дамуының басты кілті. Бірлесе әрекет еткенде әр бала өз әлеуетін толық аша алады!


Балабақшада “Баланың  балабақшаға бейімделуі” тақырыбында  ата-аналарға арналған пайдалы консультация өткіздік.Баланың балабақшаға алғаш қадам басуы — үлкен өмірге бастар маңызды сәт!

Ата-ананың қолдауы — сәбидің жаңа ортаға тез үйренуінің басты кепілі.

Кеңесте біз баланың эмоциялық жайлылығын қамтамасыз етудің жолдарын, ата-ананың рөлін және тиімді бейімделу тәсілдерін талқыладық.

Ата-аналармен осы кезеңді жеңіл әрі қуанышты ету жолдарын ұсындық!

Ата-ананың мейірімі мен педагогтың қолдауы — сәбидің сенімді бейімделуінің кілті.


 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41