Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» өңірлік ұлттық ойын жарысының қалалық кезеңі “Еркем-ай “ балабақшасында өтті.
2026 жылғы 17 наурыз күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ бірлесіп мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» өңірлік ұлттық ойын жарысының қалалық кезеңін өткізді.
Мақсаты:
Балалардың есептеу дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, сондай-ақ сабырлылық, шапшаңдық және үнемшілдік қасиеттерін қалыптастыру.
Жалпы қатысушылар саны – 21 педагог, 21 тәрбиеленуші.
Жарыс қорытындысы:
Тәрбиеленушілер арасында:
I орын – №66 «Толагай» Б;
II орын – №67 «Шұғыла» Б, №69 «Еркем-ай» Б, №9 «Нұршашу» Б, №37 «Арман» Б;
III орын – №6 «Көктем» Б, №17 «Ер-Төстік» Б, №21 «Гүлдер» Б, №70 «Құлыншақ» Б, №76 «Әдемі» Б, №86 «Зияткер» Б.
Педагогтар арасында:
I орын – №5 «Ақбота» Б;
II орын – №66 «Толагай» Б, №76 «Әдемі» Б, №87 «Қадыр» Б;
III орын – №28 «Жұлдыз» Б, №67 «Шұғыла» Б, №69 «Еркем-ай» Б.
Қатысушыларды құттықтаймыз! Ұлттық ойындарымызды бірге дамытайық!

