Жаңалықтар

Наурыз құтты болсын!

Наурыз мерекесіне орай «Бәйтерек» мектепалды тобында сәні мен салтанаты жарасқан ерекше ертеңгілік өтті.

Балалар ұлттық киім киіп, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп, ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Әсем безендірілген ортада өткен мереке әр балаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Наурыздың шынайы рухын сезінуге мүмкіндік берді.

Бұл күн – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа береке, бірлік, молшылық әкелсін!



               

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41