Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік!
- Қаралды: 39
«Балбұлақ» тобының бүлдіршіндерінің аналарына арнаған мерекелік кеші керемет өтті.
Балалар өз өнерлерін көрсетіп, аналарына жылы лебіздері мен жүрекке толы тілектерін арнады. Мереке өте әсерлі әрі қуанышты көңіл-күйде өтті.


69 «Еркем-ай» балабақшасының меңгерушісі Марал Күлкенқызы барша ұжымымызды 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтады.
Халықаралық 8 наурыз – Әйелдер күніне орай балабақша ұжымын әртістер құттықтап, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Олар барша аруларға зор денсаулық, бақыт, отбасы амандығын тілеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ана – өмірдегі ең қымбат, ең мейірімді жан. Әр адамның дүниеге келуіне себепші болып, оны ақ сүтімен асырап, махаббатымен өсіретін – ана. Ана баласы үшін әрқашан алаңдап, оның бақыты мен болашағын ойлайды.
“Жұлдыз” мектепалды тобында «Аналар – асыл жандар» атты ерекше ертеңгілік өтті.