Жаңалықтар

«Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы №69 “Еркем-ай” балабақшасында "Алғыс айту күні" мерекесі қарсаңында ерекше мағыналы әрі жүрекке жылу сыйлайтын іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл игі шараға балабақшамыздың меңгерушісі Марал Кулькеновна бастаған балабақша ұжымы, барлық топ бүлдіршіндері және ата-аналар белсене қатысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мейірім мен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Акция аясында азық-түлік жинап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға табысталды.

Жақсылық жасау – жүректің ісі. Осындай шаралар арқылы біз балаларымызға мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық секілді асыл қасиеттерді дәріптеп, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге үлес қостық.

Алғыс айту күні – бір-бірімізге ризашылық білдіріп қана қоймай, нақты іс арқылы көмек қолын созатын күн. Игі іске атсалысқан барша ата-аналарға, ұстаздарымызға, ұжымға және кішкентай бүлдіршіндерімізге алғысымыз шексіз!

Аталған игі шараға «Ботақан» тобының бүлдіршіндері белсене қатысты. Балалар ата-аналарымен бірге әкелген азық-түлік пен қажетті заттарды қайырымдылық қоржынына салып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге өз үлестерін қосты.

Кішкентай жүректердің мейірімі мен жанашырлығы — үлкен тәрбиенің бастауы. Барша ата-аналар мен балаларға алғысымызды білдіреміз!

«Бір балабақша – бір игі іс» бастамасы аясында «Қарақат» ортаңғы тобы игі іске атсалысты.

Бұл жоба тәрбиеленушілердің бойында қамқорлық, мейірімділік, алғыс айту мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Кішкентай жүректер үлкен жылулық сыйлап, бірлік пен жақсылықтың үлгісін көрсетті.

Жақсылық жасау – үлкеннен емес, жүректен басталады!

Әке – отбасының тірегі, баланың бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды тұлға.

Осы мақсатта ұйымдастырылып отырған челлендж білім беру ұйымдары мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, әкелердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.

Өткізу күні: 2026 жылғы 21 ақпан.

Уақыты: 10:00–12:00

Бүгін, Астана қаласы әкімдігінің «TANYM» көпфункционалды кешенінде, Астана қаласы маслихатының депутаттары Дюсеков Талғат Петрович, Ажкенова Мадина Берікболовна және Астана қаласы Білім басқармасының мектепке деінгі бөлімінің бастығы Аулеханова Лаура Мошкаловна, Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған маңызды кездесу өтті.

Кездесу барысында Конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен талқыланды. Бұл өзгерістер – әділетті, ашық және халық үніне құлақ асатын мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді.

Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуын нығайтуға, қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны айтылды. 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41