Жаңалықтар

Наурыз құтты болсын!

«Қарлығаш» ересек тобында Наурыз ертеңгілігі өтті.

Балалар мерекелік шараға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Олар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп орындады. Ертеңгілікте Наурыз мерекесіне байланысты көріністер қойылып, ұлттық дәстүрлер таныстырылды.

Көрермендер балалардың өнеріне ризашылық білдіріп, қошемет көрсетті. Ертеңгілік өте көңілді әрі тәрбиелік мәні зор болып өтті. Балалар көтеріңкі көңіл-күйде болып, жақсы әсер алды.

          

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41