
«Астана әдістемелік орталығы» ұйымдастырып отырған жол жүру ережесі бойынша қалалық «Брейн-ринг» байқауы №67 «Шұғыла» балабақшасында өтті. «Брейн-ринг» байқауында біздің бүлдіршіндеріміз, жұлдыздарымыз ІІ орын иеленді.
Жетекшілері: А.Д. Аманжолова, А.М. Сарсембаева, Д.Б. Каппасова.
Қауіпсіздік мәдениеті – бала кезден!


“Астана дарыны” дарынды балаларды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен №61 “Шолпан” балабақшасының ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Сәулелі тастар” қалалық ұлттық ойын жарысында жүлделі І орынды “Балбұлақ” тобының тәрбиеленушісі Қали Айлин алса, ІІ орынды “Жұлдыз” тобының тәрбиеленушісі Талғатбек Алихан иеленді. Жетекшісі: Джазбаева Альмира Бакитбековна.
№69 «Еркем-ай» балабақшасының логопед маманы ата-аналарға пайдалы кеңестермен бөлісті.
Тақырыбы: «Ойын терапиясы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамытудың құралы».
«Ақ жол» ересек тобы