Жаңалықтар

«Наурыз» мерекесіне ұйымдастырылған ертеңгілік

«Ботақан» тобында Наурыз мерекесі өтті.

Бүгін Ботақан тобында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті. Балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, салт-дәстүрлерді көрсетті.

Әсем әуен мен көтеріңкі көңіл-күй мерекеге ерекше сән берді. Ата-аналар да белсенді қатысып, ұлттық тағамдар әкеліп, дастарханымызды молшылыққа толтырды.

Бұл күн балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүрін танып-білуге үлкен мүмкіндік болды.

Баршаңызға Наурыз құтты болсын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

               

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41