Жаңалықтар

Мақсаты: Балаларға нанның қадірін түсіндіру, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, нанның дастарханға келу жолын таныстыру арқылы ризашылық сезімін ояту.

Нан — біздің ең басты тағамымыз. Ол бидайдан жасалады. Нанды жасау үшін көп адам еңбек етеді: егінші егін егеді, комбайншы жинайды, диірменде ұн тартылады, ал наубайшы нан пісіреді.

Ас ішер алдын бата беру, ас ішіп болғасын асқа бата беру жалпы ас қайыру дастарханымыздың бір асыл қазынасы.

Нан — көп еңбектің жемісі.

 

Мақсаты: Балалардың табиғатқа, жан-жануарлар мен өсімдіктерге деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие беру, табиғатты аялауға баулу.
Біз айналамызда — табиғатпен бірге өмір сүреміз. Аспан, күн, ағаштар, гүлдер, құстар мен жануарлар — бәрі қоршаған ортаға жатады. Табиғат бізге таза ауа, су, тамақ береді. Сондықтан біз табиғатты қорғауымыз керек:
- қоқыс тастамау,
- гүлдерге су құю,
- ⁠топ гүлдерінің шаңын сүрту,
- гүлдерді жұлмау,
- ағаштарды сындырмау,
- жануарларға қамқор болу.
Балалар, табиғат – біздің досымыз!
Оған мейіріммен қарап, таза ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз.

Мемлекет басшысы нашақорлықтың алдын алуды, әсіресе білім беру және ақпараттық салаларда күшейтуді, сондай-ақ жастар арасында есірткі мен алкогольді насихаттауға, оның ішінде интернет пен БАҚ-та жағымды етіп көрсетуіне қарсы тұруды тапсырды.

Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтардың алдын алуға жастар мен оқу орындарын тартып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 40 Меморандум жасадық.

Білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде есірткіге қарсы кең ауқымды науқан жүргізілуде.

Мысалы, Абай облысында ЖОО-ның заң факультетінің студенттері (56 адам) нашақорлықтың және басқа да қылмыстардың алдын алу мақсатында Семей қаласының 7-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізуді көздейтінжобаны бастады.

Қазақ халқының ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл!

Абай – жүрекке нұр, ойға шырақ жаққан кемеңгер. Оның әрбір сөзі – ғасырлардан өтсе де маңызын жоймаған рухани мұра.

Ол – елін оятқан, сөзін оятқан, рухын тірілткен дара тұлға.

«Адам болам десеңіз...» деп басталатын ұлы өсиеттері бүгінгі ұрпақ үшін де мәңгілік бағдар.

Абай – қазақтың тұтас болмысы,

Абай – тіліміздің тұғыры,

Абай – рухани жаңғырудың бастауы.

Осы айтулы күнде дана Абайдың өсиетін жүрекке түйіп, оның мәңгі мұрасына тағзым етейік!

Абай Құнанбайұлына арналған кітап бұрышы – балабақшада балаларға ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында арнайы жасалған танымдық бұрыш.

Бұрышта Абайдың портреті, өмірбаяны, балаларға арналған өлеңдер жинағы, нақыл сөздері мен тәрбиелік мәні бар шығармалары орналастырылған.

Балаларға арнап иллюстрациялық кітаптар, суреттер мен материалдар қойылған.

Мақсаты – Абайдың даналық сөздері арқылы бүлдіршіндерді адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41