Жаңалықтар

“Қарақат” ортаңғы тобында “Жемістер мен көкөністер” тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді. Іс-әрекеттің мақсаты – балалардың жемістер мен көкөністер туралы білімін кеңейту, олардың пайдасын түсіндіру, түстері мен пішіндеріне қарай ажыратуға үйрету, сөздік қорын байыту, танымдық қабілеттерін дамыту.

Балалар әртүрлі жеміс-жидек пен көкөністерді танып, аттарын атады, олармен ойындар ойнап, жұмбақтар шешті. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты сурет салу және топтастыру тапсырмалары орындалды.

«Ботақан» ортаңғы тобында «Күзгі бақ» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың күз мезгілі және күзгі бақтағы өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту, жеміс-жидектер мен көкөністерді ажырата білуге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды. Балалар күзгі бақтың сұлулығын тамашалап, әртүрлі жемістер мен көкөністерді танып білді.

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыруы бойынша ұсынымдар.

Брокераждық комиссия отырысына арналған ақпарат 

Астана қаласы әкімдігінің" № 69 "Еркем-ай" балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны балаларға ұсынып отырған тағам өнімдері  Қазақстан Республикасында өндірілген және ҚР ДСМ №320 және №302 бұйрықтарына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға толық сай келеді.

№69 «Еркем-ай» балабақшасында «Адал азамат» бағдарламасы аясында Қарлығаш ересек тобының тәрбиеленушілері үшін кітапхана алаңында тәрбиелік мәні зор Несіпбек Айтұлының 75 жыл мерейтойының қарсаңында қазақ тілі педагогінің ұйымдастыруымен мәдени іс-шара өтті.

Балалар ақынның өлеңдерін оқып, өмірбаянымен танысты.

Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндерге адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттау және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру болды.

Балалар қызықты ойындар ойнап, ертегілер әлеміне саяхат жасап, өз ойларымен бөлісті. Мұндай тәрбиелік шаралар – жас ұрпақтың рухани дамуына берік негіз қалайды.

Адалдыққа бастар жол – білім мен тәрбиеде! 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41