Жаңалықтар

«Интеллектум» ойындары «Сәулетші»

«Интеллектум» ойындары: «Сәулетші»

Мақсаты:

Балалардың кеңістікте ойлау қабілетін, қиялы мен шығармашылық икемін дамыту; құрылыс элементтері арқылы логикалық байланыс құра білуге үйрету.

«Сәулетші» ойынында балалар түрлі пішіндер мен құрылыс бөлшектерін пайдаланып, үй, көпір, мұнара сияқты қарапайым құрылымдарды салады. Бұл ойын баланың көзбен көру, қолмен жұмыс жасау, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, бірлесе жұмыс істеуге, шешім қабылдауға және сабырлы болуға баулиды.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41