«Айгөлек» мектепалды тобында Республика күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті!
Балалар туған еліне деген сүйіспеншілігін тақпақ, ән, би арқылы білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Отан, Ту, Елтаңба, Әнұран туралы білімдерін ортаға салып, ұлттық рухты сезінді.
Мақсаты — балалардың бойына патриоттық сезім, отансүйгіштік қасиет пен елге деген құрметті дарыту.
Ертеңгілік өте мазмұнды, әсерлі өтті.
Естен кетпес сәттер стористе!

