Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген.
Бағдарламаның үйлестірушісі Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мәліметінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен ресми түрде жаңа атауы бекітілген. Оның мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталады.
Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болмақ. Бұл тәрбие жұмысының ел көлемінде бірізді стандартпен жүргізілуіне және барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруына мүмкіндік береді.


Балаларға дене қозғалысының адам денсаулығына тигізетін оң әсерін түсіндіру, түрлі қимылды ойындар мен жаттығулар арқылы олардың физикалық белсенділігін арттыру, тыныс алу, жүріп-тұру, секіру, жүгіру дағдыларын жетілдіру. Табиғатпен байланыста денсаулықты нығайтудың жолдарын көрсету, ұжымдық ойындар арқылы ұйымшылдыққа, ережені сақтауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, сауықтыру-шынықтыру шарасын қызықты, көңілді және шытырман оқиға түрінде ұйымдастыра отырып, балалардың дене жаттығуларына деген ынтасын ояту, салауатты өмір салтына оң көзқарас қалыптастыру.
Бұл балалардың санау, көру, салыстыру және логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған қарапайым, бірақ маңызды жаттығу. Мұндай тапсырма 5 санын нақты заттармен, кескіндермен немесе символдармен сәйкестендіру арқылы жүзеге асады.
Астанада бір күннің ішінде төрт бірдей баланың көпқабатты үйдің терезесінен құлау дерегі тіркелді. Екі бала оқиңа орнында көз жұмған.
Астана қаласының қалалық денсаулық сақтау басқармасы биіктіктен құлаған балаларға қатысты жедел жәрдем шақыртуларының аудиожазбаларын жариялады