“Ботақан” ортаңғы тобы
Мақсаты: Балаларға ұлттық құндылықтарды таныстыру арқылы әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық бизиборд арқылы қол моторикасын, ойлау қабілетін дамыту.
Міндеттері:
1. Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары мен ұлттық заттарымен таныстыру (тұмарша, тұскиіз, домбыра, ою-өрнек, қамшы т.б.).
2. Бизиборд элементтері арқылы ұсақ моторика, назар, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға, дәстүрді бағалауға тәрбиелеу.
4. Балалардың сөздік қорын молайтып, еркін сөйлеуіне, өз ойын жеткізе білуіне ықпал ету.
5. Бір-біріне көмектесіп, бірлесіп жұмыс жасауға баулу.


Мақсаты: Балаларды қабырғада бейнеленген ұлттық құндылықтармен (киім, ою-өрнек, үй жануарлары, тұрмыстық заттар т.б.) таныстыру, халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін тәрбиелеу.
Мақсаты: Балаларды кітапхана ұғымымен таныстыру, кітапқа қызығушылығын арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға, ұжыммен мәдени түрде қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың кеңістікте ойлау қабілетін, қиялы мен шығармашылық икемін дамыту; құрылыс элементтері арқылы логикалық байланыс құра білуге үйрету.
Мақсат: Балалардың дәрігер мамандығы туралы түсінігін кеңейту, дәрігердің еңбегін құрметтеуге, денсаулықты күтуге тәрбиелеу.