Жаңалықтар

Парасатты ұрпақ – ел болашағы!

Парасатты ұрпақ – ел болашағы!

Балабақшада эксперименттік алаң жоспарына сәйкес «Парасатты азамат» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға даярлық, ересек, ортаңғы және кіші топ ата-аналары белсене қатысып, тақырыпқа сай стендтік газет әзірледі.

Мақсаты:

Ата-аналарды парасаттылық, адамгершілік және отансүйгіштік құндылықтарды насихаттауға тарту, сондай-ақ олардың тәрбие үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

– «Парасатты азамат» ұғымының мәнін түсіндіру;

– Ата-аналар арасындағы ынтымақтастық пен шығармашылық серіктестікті арттыру;

– Парасаттылық пен мәдениетті мінез-құлықтың қоғамдағы маңызын насихаттау.

Бұл бірлескен жұмыс ата-аналар мен балабақша арасындағы серіктестікті нығайтып, тәрбиелік бағыттағы іс-шаралардың сапасын арттыруға, сондай-ақ парасаттылық пен адамгершілік құндылықтарын кеңінен дәріптеуге ықпал етті.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41