Жаңалықтар

Балаларды, әсіресе терезе мен балкон маңында ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Маскіт торларына сенбеңіз – олар баланың салмағына төтеп бере алмайды. Терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнатыңыз. Балалар өрмелеп кете алмас үшін терезе маңындағы жиһазды алып тастаңыз. Қауіпсіздік – Сіздің қолыңызда.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береді:

- егерде балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңыздың өмірінде өлімге әкелуі мүмкін;

- ешқашан москит торларына сенбеңіз балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;

- балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;

- баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз.

Балаларды Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Отанын, туған жерін,еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру. Бас қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру.

“Балайкалар мектебі”

Мақсаты: Балалардың ғарышқа деген қызығушылығын ояту, планеталар мен жұлдыздар туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау қабілетін, қиялын, зейінін және қарым-қатынас дағдыларын ойын арқылы дамыту.

Бүгін №69 “Еркем-ай” балабақшасында ерекше әрі танымдық күн өтті “Жүргізуші мен жолаушылар күні”!

Балалар әртүрлі материалдардан өз қолдарымен автокөлік үлгілерін жасап, оларды қызықты ойындарда қолданды.

Сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы автобус, автовокзал, таксопарк әлеміне еніп, жол ережелерін сақтаудың маңызын ұғынды.

Мақсатымыз – балаларды жолда өзін-өзі дұрыс ұстауға үйретіп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41