Мұғалімдер күні мерекесі
- Қаралды: 38
Ата-аналар қауымы ұстаздар қауымын кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күнімен ерекше ықыласпен құттықтады. Олар балабақша ұжымына жылы тілектерін арнап, балаларына сапалы білім мен тәрбиені аямай беріп келе жатқан еңбектеріңізге алғыстарын білдірді.
Ата-аналар ұстаздық жолдың жауапкершілігі мол, табандылық пен төзімділікті қажет ететінін айта келе, сіздердің мейірімді жүректеріңіз бен шексіз қамқорлықтарыңыздың арқасында бүлдіршіндердің болашағы жарқын боларына сенім білдірді.
Сонымен қатар ата-аналар қауымы ұжымға денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық тілеп, әр шәкірттің жетістігі сіздерге қуаныш болып оралсын деген ниеттерін жеткізді.
Мұғалімдер күні мерекесі ұстаздар үшін қуаныш пен құрметке толы ерекше күн болғанын атап өтті.


ЕҰУ студенттері балабақша ұжымын Мұғалімдер күні мерекесімен құттықтап, өздерінің ыстық ықыласы мен жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ұстаздардың еңбегін бағалап, әрбір бүлдіршіннің болашағына қосқан үлестерін мақтанышпен атап өтті. Сіздерге қуаныш пен шаттық, биік жетістіктер тілейміз!
Сіздерді 1 қазан – Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана халықаралық университетінің колледжінің түлектері өздерінің алғашқы ұстазы Марал Кулькеновнаны арнайы құттықтап барды.Түлектер ардақты ұстазына жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұстаз еңбегінің өлшеусіз екенін атап өтті. Бұл шара ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайтып, жас мамандарға шабыт сыйлады.
25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында еліміз бойынша «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі өтеді. Әр күні өңірлерде ұстаздарға арналған салтанатты және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама педагог мәртебесін арттыруға, мұғалім мамандығын насихаттауға және қоғамға ұстаздың ерекше рөлін еске салуға бағытталған.