Жаңалықтар

2025 жылдың 21-30 шілде аралығында Чехияның Пардубице қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы, Ұлттық-ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы және Чехия Манкала Федерациясының ұйымдастыруымен “Зияткерлік ойындардың ақыл-ойды және когнитивті қасиеттерді дамытудағы ролі” атты халықаралық семинар өткізілді.

Мақсаты: Балалардың достық туралы түсінігін кеңейтіп, достың қасиеттерін сипаттай алуына, досына жылы сезім білдіре отырып, шығармашылықпен ой өрбітуіне жағдай жасау.

«Достық — жүректен шыққан сөз бен көзден көрінетін шынайылық. Өз досыңды таны, түсін, және сөзбен бейнеле!» 

Мақсаты:

Балалардың шығармашылық қабілеттерін ойынсыз және әнсіз тәсілдер арқылы дамытып, қиялын оятатын ерекше іс-әрекеттерге баулу, олардың эмоционалдық және зияткерлік дамуына көңілді әрі жаңашыл орта құру.

Ән мен ойыннан тыс тәсілдер арқылы баланың өз-өзімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Денсаулықты нығайтатын, бірақ дәстүрлі форматтан тыс қызықты сауықтыру белсенділіктерін ұйымдастыру.

Әлемдегі ең тәтті мереке – Халықаралық қарбыз күні. Сөздікке сенсек, қарбыз – біржылдық бақша дақылы. Қарбыз қабығының түрлі түсін кездестіруге болады: ақ, жасыл, сары, тор, жолақ, дақ түрінде. Ал ішіндегі мәйегі қызыл, алқызыл, ақ немесе сары түсті де болады.

Қарбыз жидек болып саналады және әлемнің 96 елінде оның 1200-ден астам түрі өседі.

Бүгін соған орай біздің балабақшамызда “қарбыз күні” немесе “watermelon party” күні өтті.

Мақсаты: бүлдіршіндерімізге қарбыз туралы толық ақпарат беру, қарбыздың дәмін татқызу және ұстап, сипап-сезу, онымен қатар қарбыздан бірнеше дәмді сусындар, балмұздақ және милкшэйктер жасауға болатынын айтып өту.

“Ұлттық қарбыз күні” деп аталатын бұл мереке АҚШ-тан бастау алған. Америка қарбыз жеу көрсеткіші бойынша басқа елдермен салыстырғанда көш бастап тұр. Жазғы пикник кезінде америкалықтар дастарханға міндетті түрді қарбыз қояды.

Біздің Қазақстан Республикасында қарбыз едәуір бастау алып тұрады жәнеде бүгін сол қарбыз күнін өткізуіміздің де бірден-бір себебі осы.

Бүлдіршіндеріміз бүгінгі күннен өте кермет әсер алды.

Күндеріңіз қарбыздай тәтті, шырыны шөлді қандыратындай көңіл-күй тілейміз! 

Балабақша бұлдіршіндеріміздің «Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасы» Отбасының қызықты демалыс сәттерінен фото көрме.

Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып отбасында балаға ата-ананың ықпалы мен баланың ата-анаға құрметін арттыру.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41