Балабақша ұжымы бірлесіп сенбілік ұйымдастырды. Шара барысында аумақ тазаланып, ішкі тазалық жұмыстары жүргізілді. Ұжымның ұйымшылдығы мен жауапкершілігінің арқасында балабақша ауласы жаңарып, көркейе түсті. Сенбілік – тәртіп пен тазалықты сақтаудың ғана емес, сондай-ақ ұжымдық бірлікті нығайтудың да жарқын үлгісі болды.


№69 «Еркем-ай» балабақшасында қыркүйектің тоғызы күні «Мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық кодты қалыптастыру жолдары» атты тақырыпта қалалық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара «Отбасы күні» және Тоғызқұмалақ ойыны күні аясында өтіп, «Бестемше» қосымша білім беру бағдарламасының таныстырылымымен жалғасты.
Бүгін 69 “Еркем-ай” балабақшасында қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Тілім менің – тірегім” атты тәрбиелік іс-шара өтті!
Бүгін – бүлдіршіндер үшін ерекше күн! Күздің алғашқы таңы – білімге алғашқы қадам басатын қуанышты сәт.
30 тамыз – Конституция күні құтты болсын!