Жаңалықтар

«Интеллектум» ойындары: «Сәулетші»

Мақсаты:

Балалардың кеңістікте ойлау қабілетін, қиялы мен шығармашылық икемін дамыту; құрылыс элементтері арқылы логикалық байланыс құра білуге үйрету.

«Сәулетші» ойынында балалар түрлі пішіндер мен құрылыс бөлшектерін пайдаланып, үй, көпір, мұнара сияқты қарапайым құрылымдарды салады. Бұл ойын баланың көзбен көру, қолмен жұмыс жасау, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, бірлесе жұмыс істеуге, шешім қабылдауға және сабырлы болуға баулиды.

Парасатты ұрпақ – ел болашағы!

Балабақшада эксперименттік алаң жоспарына сәйкес «Парасатты азамат» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға даярлық, ересек, ортаңғы және кіші топ ата-аналары белсене қатысып, тақырыпқа сай стендтік газет әзірледі.

Мақсаты:

Ата-аналарды парасаттылық, адамгершілік және отансүйгіштік құндылықтарды насихаттауға тарту, сондай-ақ олардың тәрбие үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

№69 «Еркем-ай» балабақшасының дефектолог мамандары ата-аналарға арналған пайдалы кеңестермен бөлісті.

Тақырып: «Үй жағдайында баланың танымдық процестерін дамыту жолдары» Мамандар ата-аналарға баланың ойлау, есте сақтау, зейін және сөйлеу қабілеттерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығуларды көрсетті.

Мұндай кеңестердің пайдасы зор. Үйде жүйелі жұмыс жасау баланың оқуына, сөйлеуіне және қоршаған ортаға бейімделуіне оң әсер етеді.

Қорыта келгенде, ата-ана мен маманның тығыз байланысы – баланың жан-жақты дамуының басты кілті. Бірлесе әрекет еткенде әр бала өз әлеуетін толық аша алады!

«Айгөлек» мектепалды тобында Республика күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті!

Балалар туған еліне деген сүйіспеншілігін тақпақ, ән, би арқылы білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Отан, Ту, Елтаңба, Әнұран туралы білімдерін ортаға салып, ұлттық рухты сезінді.

Мақсаты — балалардың бойына патриоттық сезім, отансүйгіштік қасиет пен елге деген құрметті дарыту.

Ертеңгілік өте мазмұнды, әсерлі өтті.

Естен кетпес сәттер стористе!

«Қарлығаш» тобында Республика күніне арналған «Мен – Отанымның ұланымын!» атты ертеңгілік өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ел рәміздерін танып, құрметтеуге тәрбиелеу, қазақстандық патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды. Ертеңгілік барысында балалар өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, «Ақ көгершін» кейіпкерімен бейбітшілік туралы ой бөлісті. Мерекелік шара балалардың көңілін көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатты.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41