Жаңалықтар

«Балабақшадағы инклюзивті білім беру: заманауи тәсілдер мен тәжірибе»

2025 жылғы 15 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес № 69 «Еркем-ай» балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Балабақшадағы инклюзивті білім беру: заманауи тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыста FlipChart технологиясын қолдану», «Балабақшада ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы анықтау және ПМПК-ға жолдау алгоритмі» тақырыптарында ақпарат беріліп, балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қатысушыларымен арнайы мамандар Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жасалатын жұмыстың заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығуларын, түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізді.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 40-қа жуық арнайы мамандары қатысты.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41