2026 жылғы 15 қаңтар күні №69 «Еркем-ай» балабақшасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-мен бірлесе отырып «Балабақшадағы инклюзивті білім беру: заманауи тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинар бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Қатысушылар мектепке дейінгі ұйымның арнайы мамандары, серіктес мекемелер, ата-аналар квест-технологиясы, FlipChart технологиясын қолдану, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының нақты тәжірибелерімен танысты. Балабақша меңгерушісі Ахметова Марал Кулькеновна түзету тобы жұмысының ұйымдастырылуымен таныстырып, тәрбиешілер мен мамандар Жакашева Т.Ж., Киекбаева А.М., Жолымбетова Н.А., Менбаева А.С., Рахимгалиева С.А., Калимусаева Ж.С., Жакыпбекова Г.К., Бекежанова Д.Т., Аманжолова А.Д. түзету-дамыту жұмыстарындағы дамытушы ортаны құру және жұмыс жүргізу бағытында тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар №7 ПМПК басшысы Жамбылбек А.Ж., №8 ПМПК басшысы Тойбаева М.У., мамандар Утемуратова А.Б., Сейдәлі Г.У., баланы диагностикалау, жолдау алгоритмдері және мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Әлеуметтік серіктес Ы. Алтынсарин ат. №83 МГ инклюзивті білім беру координаторы Жахина Г.К., инклюзияны тәжірибеде іске асыру жолдарын көрсетті.
Балабақшаның музыка жетекшілері Сарсембаева А.М., Нургалиева А.К. қатысушыларға ырғақты ойын ойнатып, көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар балабақша басшысы М.К. Ахметоваға, әдіскері К.Б. Алимбековаға алғыстарын білдіріп, кері байланыс орнатты. Семинар педагогтер үшін кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен заманауи тәсілдерді меңгеруге үлкен мүмкіндік болды.
Инклюзивті білім – әр баланың дамуына тең мүмкіндік беретін маңызды бағыт.

