Жаңалықтар

“Ботақан” ортаңғы тобының Республика күніне арналған мерекелік ертеңгілігі! 🇰🇿 Бүгін балабақшамызда ерекше күн болды — қонаққа Алтын адам келіп, балаларға Отан, ел тарихы жайлы қызықты әңгіме айтып, жақсы көңіл күй сыйлады.

Біздің кішкентай ботақандар ән айтып, би билеп, әсем тақпақтар оқып, өз өнерлерін көрсетті.

Мереке патриоттық рухта, көтеріңкі көңілмен өтті!

“Құлыншақ” тобының Республика күніне арналған ертеңгілігі.
Мақсаты:
Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының рәміздері мен мерекелерін танып-білуге үйрету.
Ән айту, би билеу, көрініс ойнау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

“Қарақат” ортаңғы тобында Республика күніне мерекелік ертеңгілік өтті.
Мақсаты:

– Балаларға Қазақстан – біздің туған еліміз екенін түсіндіру.
– Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы айту.
– Елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту.
– Балалардың ән айту, тақпақ айту, би билеу сияқты шығармашылық қабілеттерін дамыту.

«Бәйшешек» кіші тобы «Менің Отаным- Қазақстан» ертеңгілік Мақсаты: Балаларға туған елі – Қазақстан туралы түсінік беру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру. Мемлекеттік рәміздермен (Ту, Елтаңба, Әнұран) таныстыру және оларды құрметтеуге тәрбиелеу.Сөйлеу тілін дамыту, сұрақтарға жауап беруге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

Бүгін балабақшада “Баланың  балабақшаға бейімделуі” тақырыбында  ата-аналарға арналған пайдалы консультация өткіздік.Баланың балабақшаға алғаш қадам басуы — үлкен өмірге бастар маңызды сәт!

Ата-ананың қолдауы — сәбидің жаңа ортаға тез үйренуінің басты кепілі.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41