Жаңалықтар

Тақырып:«Моанаға көмек. Сандар аралы»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, сандармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, АКТ құралдарын (интерактивті тақта, ноудбук) қолдана отырып тапсырмаларды орындауға үйрету. Кейіпкерге көмектесу арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Балалар мультфильм кейіпкері Моанаға «Сандар аралында» адасып қалған Мауи досын құтқаруға көмектеседі. Ол үшін олар әртүрлі логикалық, топтық, жұптық тапсырмаларды орындайды:

- “Гексагон” әдісі арқвлы сандарды табу,

- “Рандом” әдісі арқылы топқа бөлу және сол арқылы балаларды біртіндеп шығару

- сандарды сәйкестендіру,

- Тапсырмаларды интерактивті тақта арқылы тыңдап, шешу

- ⁠Замануи сергіту сәті

- Сандарды ретімен орналастыру.

- ⁠”Батарея”(қуат) арқылы балалардан рефлекция және т.б акт құралдары

Бұл ҰІӘ де балалардың логикалық ойлауы, зейіні, АКТ құралдарын пайдалану мәдениеті қалыптасады. Топтық жұмыс пен қызықты оқиғалар арқылы олар белсенді қатысып, білім алады.

Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны аялауға, әрбір гүл мен ағашқа, құс пен жануарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Табиғат сұлулығын жүрекпен сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жердің байлығын қорғауға деген жауапкершілік сезімін дамыту.Балалар табиғатқа деген жылы лебіздерін, тілектерін хат арқылы білдіріп, өз ойларын еркін жеткізуді үйренеді. Шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, қиялын және эстетикалық талғамын дамыту көзделеді. Табиғат туралы өлең, мақал-мәтел, жұмбақтар арқылы таным көкжиегі кеңейіп, қоршаған әлемге сүйіспеншілікпен қарау сезімі нығаяды.

«Бәйшешек» кіші тобы

Тақырыбы : «Күзгі жапырақтар»

Мақсаты:Жобалау әдісі арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, күз мезгілі мен табиғаттағы өзгерістер жайлы түсінігін кеңейту, жапырақтардың түстерін ажырата білуге және бақылағыштыққа баулу.

Тәрбиешілер: Жолдаспаева А.К ., Даумиш Г.О.

“Құлыншақ” ортаңғы тобы.

Тақырыбы: “Берекелі Алтын күз”

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту,күзгі жемістер мен көкөністерді тану,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиешілер: Ермуханова А.Д,, Жусипова Д.Б.

Мақсаты: Балаларға денсаулықтың маңызын түсініп, салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру, жеке гигиена мен дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру. Зиянды және пайдалы тағамдарды ажырата білу.

Бұл іс-әрекет балалардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған.

Балалар «денсаулық вагонына» сапар шегу арқылы түрлі бекеттерден өтті. Әр бекетте денсаулықты сақтау, тазалық, қозғалыс және көңіл күйдің маңыздылығын тәжірибе жүзінде меңгерді. Іс-әрекет ойын, қозғалыс және танымдық элементтер арқылы жүргізілді.

Тәрбиеші-педагогтар: Башаева Ж.М., Джазбаева А.Б.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41