Жаңалықтар

“200 МЕКТЕП пен БАЛАБАҚША – 4000 ӘКЕ” челленджі

Әке – отбасының тірегі, баланың бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды тұлға.

Осы мақсатта ұйымдастырылып отырған челлендж білім беру ұйымдары мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, әкелердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.

Өткізу күні: 2026 жылғы 21 ақпан.

Уақыты: 10:00–12:00

Челлендж аясында әкелер балабақша аумағын абаттандыру, тазалау жұмыстарына қатысып, балаларға үлгі көрсетеді. Сонымен қатар, әкелер патриоттық әуен аясында спорттық ұлттық ойындар ойнап ұйымшылдық пен салауатты өмір салтын насихаттайды. Бұл – жауапкершілік пен бірліктің жарқын көрінісі!

Бірлік бар жерде – береке бар! Балаларымыздың жарқын болашағы үшін бірге атсалысайық!

           

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41