«Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы №69 “Еркем-ай” балабақшасында "Алғыс айту күні" мерекесі қарсаңында ерекше мағыналы әрі жүрекке жылу сыйлайтын іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл игі шараға балабақшамыздың меңгерушісі Марал Кулькеновна бастаған балабақша ұжымы, барлық топ бүлдіршіндері және ата-аналар белсене қатысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мейірім мен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Акция аясында азық-түлік жинап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға табысталды.
Жақсылық жасау – жүректің ісі. Осындай шаралар арқылы біз балаларымызға мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық секілді асыл қасиеттерді дәріптеп, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге үлес қостық.
Алғыс айту күні – бір-бірімізге ризашылық білдіріп қана қоймай, нақты іс арқылы көмек қолын созатын күн. Игі іске атсалысқан барша ата-аналарға, ұстаздарымызға, ұжымға және кішкентай бүлдіршіндерімізге алғысымыз шексіз!

