Бүгін №69 «Еркем-ай» балабақшасында бүлдіршіндердің қатысуымен халқымыздың көне дәстүрлерінің бірі – Амал, Көрісу мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Бүлдіршіндер қазақ халқының салт-дәстүрін таныстырып, көрісу рәсімін көрсетіп, асық, бестемше сынды ұлттық ойындарымыз ойналды.
Мерекелік шара барысында балалар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ыстық бауырсақ үлестірді. Мұндай іс шарадан балалар ұлттық салт-дәстүрдің мәнін түсініп, үлкендерге құрмет көрсетудің, бір-біріне ізгі тілек айтудың маңызын танытты.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып, салт-дәстүрімізді сақтауға баулиды.

