Жаңалықтар

«Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық күні

15 наурыз – Қайырымдылық күні – адамгершілік пен жанашырлықты дәріптейтін, ізгілік пен мейірімнің мәнін терең ұғындыратын ерекше күн. Бұл күн – айналамыздағы жандарға қолдау көрсетіп, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық танытудың маңыздылығын еске салады.

Қайырымдылық жасау – әрбір адамның жүрек қалауы мен азаматтық парызы.

Осы атаулы күнге орай №69 «Еркем-ай» балабақшасында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайту.

Игі іске балабақша меңгерушісі, тәрбиешілер және ата-аналар белсенді түрде атсалысып, жиналған қаражат бір отбасыға табысталды. Бұл – бірліктің, жанашырлықтың және ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі.

Осындай ізгі шаралар арқылы біз балаларға қайырымдылықтың мәнін түсіндіріп қана қоймай, оларды кішкентайынан мейірімді, қамқор болып өсуге тәрбиелейміз.

Жақсылық жасау – әрқашан өз қолымызда!

             

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41