"Шаңырақ – киіз үйдің ең қасиетті бөлігі, отбасының тірегі, татулық пен мейірімнің нышаны. Осы терең мәнді ұғым аясында өткен кешке “Сарайшық аудан әкімдігі”өкілдері, “Қосымша білім беру орталығының тәрбие бөлімі”, жетекші балабақшалар мен серіктес балабақша өкілдері, сондай-ақ “Аталар мен Әжелер мектебі” қатысты.
Ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, ән мен күй, би мен жыр арқылы бүлдіршіндер өнерлерін паш етті. Салт дәстүріміз бойынша әжелеріміз қонақтармен көрісіп амандасып, аталарымыз қол жайып бата берді. Әр қойылымнан ұлттық рух байқалып, әр баланың жүзінен шынайы қуаныш пен бақыт сезілді.
Бұл іс-шара – “Адал азамат” бағдарламасы бойынша тәрбиелеуге, бірлік пен ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған, Наурызнаманың он күндік мерекесінің басталуына орай өткізілген ерекше кеш болды.
“Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең болсын!
Әр шаңырақта шаттық пен бақыт мәңгі орнасын!”

