2- сәуір күні №69 «Еркем-ай» балабақшасында «Көк түспен жарқырат!» Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты қоғамда аутизм спектрінің бұзылысы туралы түсінікті арттыру, ерекше балаларға қолдау көрсету, толеранттылықты қалыптастыру. Қатысушылар балабақша ұжымы, ата-аналар, арнайы педагогтер. Аталған іс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің №8 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация КММ және Астана қаласы әкімдігінің №1 Оңалту орталығы КММ - мен Астана қаласы әкімдігінің №69 «Еркем-ай» балабақшасы МКҚК арасында өзара бірлескен ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Арнайы мамандар қатысушыларға «Аутизм» туралы ақпарат беріп, көк түсті ленталар, үлестірмелі материалдар мен ақпараттық хабарлама таратты. Ата-аналар өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, арнайы мамандардың кеңесін алды. Мұндай қайырымдылық істер, акция өз жалғасын тауып, ерекше білім беру қажеттілігі бар бүлдіршіндердің болашағының жарқын болуына өз септігін тигізеді деп сенеміз.

