Жаңалықтар

15 наурыз – Қайырымдылық күні – адамгершілік пен жанашырлықты дәріптейтін, ізгілік пен мейірімнің мәнін терең ұғындыратын ерекше күн. Бұл күн – айналамыздағы жандарға қолдау көрсетіп, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық танытудың маңыздылығын еске салады.

Қайырымдылық жасау – әрбір адамның жүрек қалауы мен азаматтық парызы.

Осы атаулы күнге орай №69 «Еркем-ай» балабақшасында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайту.

Балабақшамызда «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық күні өтті.

Бұл күн мейірімділікке, қамқорлыққа және бірлікке толы болды. Балаларымыз кішкентай жүректерімен үлкен жақсылық жасап, ата-аналармен бірге қайырымдылық жәрмеңкесіне белсенді қатысты.

Осындай игі іске үлес қосқан барша ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Бірігіп жасаған әрбір жақсылық – үлкен үміт пен қуаныш сыйлайды.
Жақсылық жасау – адам жүрегінің ең әдемі қасиеті.

Жақсылық жасап жарысайық!

Бүгін №69 «Еркем-ай» балабақшасында бүлдіршіндердің қатысуымен халқымыздың көне дәстүрлерінің бірі – Амал, Көрісу мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Бүлдіршіндер қазақ халқының салт-дәстүрін таныстырып, көрісу рәсімін көрсетіп, асық, бестемше сынды ұлттық ойындарымыз ойналды.

Мерекелік шара барысында балалар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ыстық бауырсақ үлестірді. Мұндай іс шарадан балалар ұлттық салт-дәстүрдің мәнін түсініп, үлкендерге құрмет көрсетудің, бір-біріне ізгі тілек айтудың маңызын танытты.

Бүгін наурыз айының 13 күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ бірлесе отырып Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» өңірлік ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңі №69 «Еркем-ай» балабақшасында Нұра, Есіл және Алматы аудандарының балабақша тәрбиеленушілері арасында сайыс өтті.

Сайыс барысында бүлдіршіндер өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шеберліктерін көрсетті. Ұлттық ойын арқылы балалар зияткерлік қабілеттерін дамытып, достық пен ынтымақтастықтың үлгісін танытты.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41