Жаңалықтар

2026 жылы наурыз айының 13 күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ бірлесе отырып Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» өңірлік ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңі №93 «Айгөлек» балабақшасында өткізілді.

Сарайшық ауданы бойынша: №69 «Еркем-ай» балабақшасының тәрбиеленушісі Қали Айлин ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Каппасова Дина Богембайқызы. Біздің жеңімпаздармызды құттықтаймыз!

Челленджге “Ботақан” ортаңғы тобы да белсене қатысуда.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға бағдаршам сигналдарын, жол белгілерін таныстыру, жолда жүру ережелерін үйрету және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті. "Қарлығаш" тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп, аналарын, әжелерін және апайларын мерекемен құттықтады.

Балалар тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекеге келген ата-аналар балалардың өнеріне риза болып, жылы лебіздерін білдірді.

Барша аналар мен әжелерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз.

«Бәйтерек» мектепалды тобы

«Бәйтерек» мектепалды тобының аналар мерекесіне арналған ертеңгілігі ерекше көңілді де әсерлі өтті. Балалар аналарын мерекемен құттықтап, ән айтып, би билеп, жүрекжарды өлеңдерін арнады. Мереке барысында аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет ерекше сезілді. Балапандар өз өнерлерін көрсетіп, аналарын қуанышқа бөледі. Осындай жылы сәттер мерекеге ерекше көрік берді. 

“Айгөлек” мектепалды тобы

Көктемнің ең көрікті мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай “Айгөлек” мектепалды тобында мерекелік ертеңгілік өтті. Бүлдіршіндеріміз аналарын, әжелерін және апайларын әсем ән мен әдемі билері арқылы құттықтап, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Балалардың шат күлкісі мен өнері мерекенің сәнін келтіріп, барша көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Құрметті аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41