№69 «Еркем-ай» балабақшасында «Қауіпсіздік» тақырыбы аясында тәрбиеленушілермен сырттағы қауіпсіздік және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелеріне арналған бейнеролик дайындалды.
Бейнеролик барысында балаларға көшеде өзін дұрыс ұстау, қауіптің алдын алу, сондай-ақ бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, олардан ештеңе алмау сияқты маңызды қауіпсіздік дағдылары түсіндірілді.
Мақсаты – балалардың сыртқы ортадағы қауіпсіздік туралы түсінігін қалыптастыру, сақтыққа үйрету және өз өміріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Осындай жұмыстар арқылы біз балалардың қауіпсіз әрі саналы болып өсуіне ықпал етеміз.

