“Ботақан” ортаңғы тобы
Балаларды ерте жастан еңбекке үйрету – олардың жауапкершілігін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Бүгін балалармен бірге бау-бақша жұмыстарына қатысып, дәнді дақылдар мен көкөністерді егіп, күтім жасауды үйрендік.
Балалар топырақ қопсытып, тұқым сеуіп, су құю арқылы еңбектің қадірін түсінді. Осындай қарапайым әрекеттер арқылы олар табиғатты аялауды, шыдамдылық пен ұқыптылықты бойларына сіңіреді.

