“Бәйтерек” мектепалды тобының балаларымен бірге топыраққа тұқым сеуіп, гүлдер мен түрлі өсімдіктер ектік.
Бұл іс-әрекет арқылы бүлдіршіндер табиғатты аялауды, еңбекқор болуды және шыдамдылықты үйренді. Әр бала өз қолымен тұқым сеуіп, оған күтім жасаудың маңызын түсінді. Кішкентай қолдармен басталған үлкен істердің алғашқы қадамы.
Енді балалар өздері еккен өсімдіктердің өсуін асыға күтуде.
Табиғатты қорғайық!
Жер-анаға қамқор болайық!

