Жаңалықтар

№69 «Еркем-ай» балабақшасында 06.04–10.04.2026 күндері аралығында өтетін «Таза Қазақстан» апталығының ашылу салтанаты өтті.

Апталықтың мақсаты – балаларға тазалық пен табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ашылу барысында тәрбиеленушілер мен ата-аналар бірлесе отырып түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді.

Алдағы күндері де апталық аясында мазмұнды іс-шаралар жалғасын табады. 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы апталықта «Жасыл балабақша – бірге қорғаймыз!» тақырыбында балалармен қызықты экологиялық ойындар ұйымдастырылды.

Балалар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, қоршаған ортаны таза ұстауға дағдыланды. Ойын барысында қоқысты сұрыптау, тазалық сақтау, табиғатты аялау туралы білімдерін кеңейтті.

Кішкентай жүректерге үлкен жауапкершілік дарыту – біздің басты мақсатымыз.

Біздің кішкентайлардан үлкен сабақ!

Балабақшада «Үйдегі қауіпсіздік» тақырыбында мультфильм форматында шағын видео дайындадық.

Балалар тоқтан, оттан, ыстық заттардан және бейтаныс адамдардан қалай сақтану керектігін үйренді.

Қауіпсіздік — әр баланың басты қорғаны

Үйде қауіпсіз болайық!

2- сәуір күні №69 «Еркем-ай» балабақшасында «Көк түспен жарқырат!» Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты қоғамда аутизм спектрінің бұзылысы туралы түсінікті арттыру, ерекше балаларға қолдау көрсету, толеранттылықты қалыптастыру. Қатысушылар балабақша ұжымы, ата-аналар, арнайы педагогтер. Аталған іс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің №8 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация КММ және Астана қаласы әкімдігінің №1 Оңалту орталығы КММ - мен Астана қаласы әкімдігінің №69 «Еркем-ай» балабақшасы МКҚК арасында өзара бірлескен ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Арнайы мамандар қатысушыларға «Аутизм» туралы ақпарат беріп, көк түсті ленталар, үлестірмелі материалдар мен ақпараттық хабарлама таратты. Ата-аналар өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, арнайы мамандардың кеңесін алды. Мұндай қайырымдылық істер, акция өз жалғасын тауып, ерекше білім беру қажеттілігі бар бүлдіршіндердің болашағының жарқын болуына өз септігін тигізеді деп сенеміз.

“Ақ жол” ересек тобының балаларына жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді, дұрыс дағдыларды қалыптастыру, қауіпті жағдайлардың алдын алу шаралары көрсетілді.

Тәрбиелік маңызы:

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41