Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында мектепалды топ тәрбиеленушілерімен дене шынықтыру нұсқаушысы қызықты әрі белсенді ойындар ұйымдастырды.
Балалар ұлттық ойындар арқылы ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеленіп, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді. Осындай іс-шаралар бүлдіршіндердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулиды.

