“Балақайлар мектебі”
- Қаралды: 44
Балабақшамызда “Балақайлар мектебі” 2026 жылдың 1 ші шілдесінен - 1 тамыз аралығында ұйымдастырылады.
Балабақшамызда “Балақайлар мектебі” 2026 жылдың 1 ші шілдесінен - 1 тамыз аралығында ұйымдастырылады.
Бүгін біздің балабақшада ерекше әрі сиқырға толы “Хогвартсқа жолдама” атты қоштасу кеші өтті!
Кішкентай бүлдіршіндеріміз сиқыр әлеміне саяхат жасап, Хогвартс оқушыларына айналды. Әр бала өз өнерін көрсетіп, батылдығын, ақылдылығын және достығын дәлелдеді.
Бүгінгі кеш — тек қоштасу емес, бұл жаңа өмірге жасалған алғашқы қадам. Енді біздің кішкентай сиқыршыларымызды мектеп атты үлкен сапар күтіп тұр!
Отбасы күніне орай ұйымдастырылған спорттық сайыс жоғары деңгейде өтті!
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Балалар мен ата-аналар бірлесе қатысып, көңілді эстафеталар мен қызықты ойындар арқылы ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Отбасы — бақыттың бастауы, ал бірге өткізілген әр сәт — ең қымбат естелік.
Қатысқан барша отбасыларға алғыс білдіреміз!
Бүгін балабақшамызда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Балалар әр ұлттың мәдениетімен танысып, ән айтып, би билеп, ұлттық киімдер киіп өнерлерін көрсетті. Достық пен татулықтың маңызын түсініп, бір-біріне құрметпен қарауды үйренді.
Бірлік бар жерде – тірлік бар!